26 қазанда Астанада Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Денсаулық сақтау министрлігінің және «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторының қолдауымен «GLOBAL PHARM» III Халықаралық фармацевтикалық форумы өтті. Форумның басты оқиғасы ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің вице-премьері, Денсаулық сақтау министрі және жетекші фармацевтикалық компаниялар басшыларының қатысуымен өткен дөңгелек үстелді айтуға болады. Кездесу мемлекеттік құрылымдар мен жетекші фармацевтикалық компаниялар арасында ашық диалог орнату мақсатында ұйымдастырылды.