Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дапаглифлозинді қолдану көрсеткіштерін кеңейтуді мақұлдады. Дапаглифлозинді енді сол жақ қарыншаның шығарылу фракциясының мәніне қарамастан созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болады1.
Қазақстанда «АстраЗенека» компаниясы шығаратын «Форсига» (дапаглифлозин) препаратының жаңа көрсеткіші тіркелді, ол — ересек пациенттердегі симптоматикалық созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ)1.
Бұрын DAPA-HF зерттеуінің нәтижелері «шығарылу фракциясы төмендеген созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (ШФтсЖЖ)» тіркелген көрсеткішіне негіз болды2. Енді жаңа көрсеткіштерге сәйкес препаратты (ШФтсЖЖ) бар пациенттерге ғана емес, сонымен қатар сол жақ қарыншаның шығарылу фракциясы (ШФотсЖЖ) орташа төмендеген және (ШФсЖЖ) сақталған науқастар жағдайында да қолдануға мүмкіндік бар1.
Жаңа көрсеткішті мақұлдау DELIVER3 III фазасының клиникалық сынағының оң нәтижелеріне, сондай-ақ DAPA-HF және DELIVER4 III фазалық зерттеулеріне енгізілген пациенттердің деректерін алдын ала жоспарлана біріктірілген талдауға негізделген, оның нәтижелері бойынша дапаглифлозин жүрек-қан тамырлары өлімі мен жүрек жеткіліксіздігі (ЖЖ) бойынша ауруханаға жатқызу қаупінің төмендегенін көрсетті, оның ішінде бастапқы және қайталанған, ал сондай-ақ, сол жақ қарыншаның шығарылу фракциялары қарамастан, СЖЖ бар пациенттерде жүрек жеткіліксіздігінің симптомдарының жақсаруы4.
Жүрек жеткіліксіздігі - асқынулардың жоғары даму жиілігімен және өліммен сипатталатын созылмалы прогрессивті ауру5. Жүрек жеткіліксіздігінің белгілері және қатар жүретін аурулардың болуы пациенттердің өмір сапасына кері әсер етеді6. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді диагностикалау және емдеу өзекті клиникалық хаттамалармен реттеледі5. Әрбір екінші пациент СЖЖ диагнозынан кейін 5 жыл ішінде өлуі мүмкін7,8. СЖЖ бар науқастардың жалпы өлімі 25,1%, аурухана жағдайындағы өлім-жітім 6,8%9 құрайды.
Мария Шипулева, Қазақстандағы «АстраЗенека Ю-Кей Лимитед» ЖАҚ өкілдігінің директоры: «Дапаглифлозин препаратын қолданудағы көрсеткіштің кеңеюі Қазақстандағы СЖЖ бар пациенттер үшін маңызды оқиға болып табылады, өйткені соңғы уақытқа дейін олар үшін терапевтік нұсқалардың саны айтарлықтай шектелді. Біз дапаглифлозинді қолдану көрсеткіші кеңеюінің арқасында сол жақ қарыншаның шығару фракциясына қарамастан созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар қазақстандық пациенттердің көбірек санына көмектесу мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз».
Бұрын дапаглифлозин Қытайда симптоматикалық созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар ересек емделушілерде өлім қаупін азайтуға және жүрек-қан тамырлары дерттерімен ауруханаға жатқызуға арналған препарат ретінде қолдануға рұқсат етілген4.
Сонымен қатар, дапаглифлозин әлемнің 100-ден астам елінде, соның ішінде Қазақстанда, Ресейде, Қытайда, Жапонияда, АҚШ-та және ЕО елдерінде 2 типті қант диабеті, шығару фракциясы төмендеген жүрек жеткіліксіздігі және созылмалы бүйрек ауруы (СБА) бар пациенттерді емдеу үшін тіркелген.
«АстраЗенека» өкілдігі Қазақстан Республикасында 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Өкілдік Алматы қаласында орналасқан.
Дереккөздер тізімі:
1. Государственный реестр лекарственных средств. Ссылка на электронный ресурс: http://register.ndda.kz/category/search_prep (дата обращения: 29.08.2023)
2. McMurray JJV, et al. Dapagliflozin in patients with heart failure and reduced ejection fraction. N Engl J Med. 2019;381(21):1995-2008.
3. Solomon S, et al. Dapagliflozin in heart failure with mildly reduced or preserved ejection fraction. N Engl J Med. 2022; 387(12):1089-1098.
4. Jhund P, et al. Dapagliflozin across the range of ejection fraction in patients with heart failure: a patient-level, pooled meta-analysis of DAPA-HF and DELIVER. Nat Med. 2022; 28(9):1956-1964.
5. КП ДИАГНОСТИКИ И ЛЕЧЕНИЯ ХРОНИЧЕСКОЙ СЕРДЕЧНОЙ НЕДОСТАТОЧНОСТИ МЗ РК, Приказ №179 от 09.02.2023.
6. Freedland KE, Rich MW, Carney RM. Improving Quality of Life in Heart Failure. Curr Cardiol Rep. 2021 Oct 1;23(11):159.
7. Jones NR et al. Eur J Heart Fail. 2019;21(11):1306-1325.
8. Yancy CW. Et al. J Am Coll Cardiol. 2013 Oct 15;62(16):e147-239.
9. Фомин И.В. Хроническая сердечная недостаточность в Российской Федерации: что сегодня мы знаем и что должны делать. Российский кардиологический журнал. 2016;(8):7-13. https://doi.org/10.15829/1560-4071-2016-8-7-13.