STADA халықаралық фармацевтикалық компаниясының сату деректеріне сәйкес, Қазақстанда пробиотиктер мен профилактикалық дәрілерге деген қызығушылық пен тұтынушылар сұранысы артып келеді. Мысалы, STADA компаниясы 2024 жылдың басынан бастап қораптағы магний препаратының саудасы 52,7%-ға өскенін атап өтеді. Сондай-ақ, сарапшылар пробиотиктердің саудасы 28,7%-ға артқанын айтып отыр (IQVIA халықаралық аналитика компаниясының дерегі бойынша).