Бүгін Алматыда басталған Еуразиялық Фармацевтикалық Форумы аясында фармкомпаниялар топ-менеджерлері арасында Еуразия фармацевтикалық нарығының мақсаттары мен болашағы тақырыбына арналған стратегиялық талқылауы өтті. Жиын барысында «АстраЗенека» Қазақстан директоры Мария Шипулева компанияның республикада клиникалық зерттеулерді бастау туралы жоспарымен бөлісті. Бұл қадам елдегі ғылыми-зерттеу қызметінің, фармацевтикалық индустрияның және кадрлық әлеуеттің одан әрі дамуына әсер етеді деп болжаланады.