«Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС Бас директоры Әділет Назарбаев Қазақстандағы Американдық Сауда Палатасының (American Chamber of Commerce, AmCham) директорлар кеңесіне сайланды. AmCham - АҚШ, Еуропа және Азиядағы ең ірі компаниялардың мүдделерін білдіретін жетекші бизнес қауымдастығы. Қауымдастыққа қатысушы компаниялар мен мемлекет арасындағы әріптестік қатынастарды белсенді дамыта отырып, AmCham Kazakhstan Қазақстан мен әлемдік қоғамдастық арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді және 200-ден астам мүшені біріктіреді.