АЛМАТЫ, 4 желтоқсан 2023 – «Янссен», Johnson & Johnson фармацевтикалық өнімдер бөлімшесі, жергілікті заңды тұлға, «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС құрылғанын жариялады және 2024 жылдың басынан бастап коммерциялық қызметті осы заңды тұлғаға беруді жоспарлап отыр. Компания атап өткендей, заңды тұлғаның жергілікті аймақта орналасуы, сол елдегі бизнесті дамыту үшін қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, бұл ретте дәрілік препараттарды ағымдағы портфельден Қазақстан Республикасының аумағына жеткізу үзіліссіз жалғасады.
ЖШС басшысы болып қазіргі таңда «Johnson & Johnson» ЖШҚ фармацевтикалық өнімдер бөлімшесі Янссеннің ТМД елдері бойынша директоры қызметін атқарып жүрген Әділет Назарбаев тағайындалды.
«Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС денсаулық сақтау саласындағы ірі компания – Johnson & Johnson жаһандық корпорациясының бөлігі болып табылады.
Он жылдан астам уақыт бойы Қазақстандағы «Янссен» пациенттер мен медициналық қоғамдастыққа иммундық делдалдық аурулар (ішектің қабыну аурулары, псориаз, ревматоидты артрит), онкология (простата обыры), қанның қатерлі аурулары (созылмалы лимфоцитарлы лейкемия, көптік миелома), орфандық аурулар (жұлынның бұлшықет атрофиясы және өкпе артериялық гипертензиясы), психиатриялық және жұқпалы аурулар сияқты әлеуметтік маңызы бар және ауыр созылмалы ауруларды емдеу үшін қажетті инновациялық терапияны ұсынады.
Компанияның елімізде жұмыс істеуі кезінде 250 мыңнан астам науқас дәрілік терапиядан өтті, қазіргі уақытта медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде 30 мыңға жуық пациент қамтылған. Осы уақытқа дейін 60 инновациялық дәрілік препараттар тіркелген, соның ішінде дәріге төзімді туберкулезді емдеуге арналған серпінді терапия, псориазды инновациялық емдеу, жұлын бұлшықет атрофиясын емдеуге арналған терапия.
«Өткен жылы біз компанияның Қазақстанда ашылуының 10 жылдығын атап өттік. Елімізде жергілікті заңды тұлғаның құрылуы – біздің қазақстандық нарықта ұзақ мерзімді қатысуға ұмтылуымыздың көрінісі. Біз республикадағы пациенттердің инновациялық емдеуге қолжетімділігін жеделдету және кеңейту үшін барлық мүдделі тараптармен жұмысты жалғастырамыз», - деп түсіндірді Әділет Назарбаев.
Janssen, Johnson & Johnson фармацевтикалық компаниялар тобы туралы
Janssen компаниясында біз ауру өткеннің еншісінде қалған болашақты құрудамыз. Біз «Джонсон & Джонсон» фармацевтикалық компаниялардың тобымыз және біз бұл болашақты бүкіл әлемдегі пациенттер үшін шындыққа айналдыру үшін көп күш жұмсаймыз. Біз ғылымның озық жаңалықтарымен ауруды жеңеміз, терапияға қол жетімділікті арттырамыз және үмітсіздікті жүрек жылуымен емдейміз.
Біз ең көп пайда әкеле алатын медицина салаларына назар аударамыз: жүрек-қан тамырлары аурулары, зат алмасу және офтальмологиялық аурулар, иммундық-медициналық, жұқпалы аурулар және вакциналар, неврология, онкология және өкпе артериялық гипертензиясы.
Толығырақ осы жерден оқыңыз https://www.janssen.com/
«Янссен», Johnson & Johnson фармацевтикалық өнімдерінің бөлімшесі Janssen, Johnson & Johnson фармацевтикалық компаниялар тобына кіреді.