Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Pfizer өңірлік директоры Озгур Язиюртпен кездесті. Кездесу барысында тараптар 2023 жылғы ақпанда бекітілген Pfizer компаниясының Превенар 13 пневмококкты вакцинасының келісімшарттық өндірісін іске асыру жөніндегі Жол картасын іске асыру барысын талқылады.