Ажар Ғиният Pfizer компаниясының өңірлік басшысымен кездесу өткізді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Pfizer өңірлік директоры Озгур Язиюртпен кездесті. Кездесу барысында тараптар 2023 жылғы ақпанда бекітілген Pfizer компаниясының Превенар 13 пневмококкты вакцинасының келісімшарттық өндірісін іске асыру жөніндегі Жол картасын іске асыру барысын талқылады.

 

"Жол картасын іске асыру бойынша бірлескен күш-жігерді одан әрі біріктіруге дайын екенімді растаймын, сондай-ақ фармацевтика өнеркәсібін дамытуға және әріптестік қатынастарды тереңдетуге көрсеткен бастамасы үшін ризашылығымды білдіремін", - деп атап өтті Ажар Ғиният.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанға жаңа технологиялар трансфертін дамыту мақсатында екіжақты ынтымақтастық аспектілерін толығырақ талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қарым-қатынастарды дамытудың оң динамикасын, сондай-ақ фармацевтика және денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын атап өтті.