Қазақстан Республикасындағы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының маркетингтік практика кодексі. 2012 жылғы нұсқасы

Қазақстан Республикасындағы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының (бұдан әрі - АІРМ) Маркетингтік практика кодексі (бұдан әрі - Кодекс) фармацевтикалық ғылыми-зерттеу өнеркәсібінде қабылданған маркетингтік практиканың халықаралық кодекстері негізінде әзірленді, және Қазақстан Республикасында фармацевтикалық өнімнің маркетингін жүзеге асыру кезінде АІРМ  барлық мүшелері ұстануға міндетті этикалық стандарттарды көрсетеді.

Кодекстің ережелері фармацевтикалық компанияларға Қазақстан Республикасының қоғамдық денсаулық сақтау мүдделерін назарға алатын адал және жауапты маркетингтік практика нормаларын дамытуға және қолдануға көмектесуге арналған, сондай-ақ даулар туындаған жағдайда АІРМ мүшелері арасындағы этикалық мәселелерді шешу құралы болып табылады.

Кодекс Қазақстан Республикасында дәрілік құралдардың  маркетингін жүзеге асыру кезінде АІРМ  мүшелері басшылыққа алатын бірқатар қосымша негіз қалаушы қағидаттарды білдіреді, өйткені Қазақстан Республикасының осы саладағы ұлттық заңнамасы әрқашан басымдыққа ие.

Кодекс Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды жылжытудағы жоғары стандарттардың сақталуына жауапкершілік пен бақылау АІРМ мүшелеріне жүктелетінін айқындайды. АІРМ барлық мүшелері, ең алдымен, пациенттің мүдделеріне назар аудара отырып, дұрыс және адал шешімдер қабылдауы керек. Осы Кодексті бұза отырып, дәрілік заттарды жылжытуды жүзеге асыруға жол берілмейді.

АІРМ  барлық мүшелері осы Кодекстің ережелері мен қағидаттарына қайшы келетін қандай да бір материалдарды таратпауға, сондай-ақ осы құжатта көзделмеген дәрілік заттар маркетингі саласында қандай да бір іс-қимыл жасамауға міндеттенеді.

Жеке тұлғаны құрметтеу, пациенттерге бағдарлану, ашықтық және этикалық нормаларды сақтау АІРМ мүшелері қабылдайтын барлық нәрселердің негізінде болуы керек құндылықтар болып табылады.

Кодекс дәрігердің рецепті бойынша босатылатын дәрі-дәрмек маркетингіне және дәрігердің рецептісіз босатылатын дәрі-дәрмек маркетингіне қатысты екі негізгі бөлімнен тұрады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МАРКЕТИНГТІК ПРАКТИКА КОДЕКСІМЕН МЫНА ЖЕРДЕ ТАНЫСУҒА БОЛАДЫ.