ҚР Денсаулық сақтау министрлігі лизосомалық қышқыл липаза тапшылығы (ЛҚЛТ) бар барлық жастағы пациенттерді емдеуге арналған Канума™ препаратын мақұлдады

«АстраЗенека» компаниясы шығарған себелипаза альфа препараты лизосомалық қышқыл липаза тапшылығы (ЛҚЛТ) бар барлық жастағы пациенттерде ұзақ мерзімді ферментті алмастыру терапиясы ретінде Қазақстанда тіркелді. 1

Себелипаза альфа (Канума™) - бұл ферментті алмастыратын терапиялық препарат, лизосомалық қышқыл липаза тапшылығының (ЛҚЛТ) негізгі себебін бүкіл ағзадағы жасушалардың, соның ішінде бауырдың лизосомаларында фермент субстратының жиналуын азайту арқылы және соның салдарынан өмірлік маңызды органдардың зақымдануы мен мезгілсіз өлімнің алдын алу үшін әзірленген.

ЛҚЛТ - бұл нәрестелер, балалар мен ересектердің көптеген мүшелерінің зақымдануы және олардың мезгілсіз өліміне әкеле алатын зардап шегуду тударатын генетикалық, созылмалы және прогрессивті метаболикалық ауру. Бұл өте сирек кездесетін кеселдердің қатарында және жалпы халықтың бір миллион жағдайында 20 пациентте анықталады2. ЛҚЛТ пациенттерде көп жағдайда өмірге қауіп төндіретін көріністер тез басталады және бауырдың басқа аурулары сияқты, көптеген пациенттерде кеселдің ауыр салдары пайда болғанға дейін симптомдар болмауы мүмкін. ЛҚЛТ генетикалық мутациялардан туындайды, бұл организмнің көптеген тіндерінде лизосомалық қышқыл липаза (ЛҚЛ) ферментінің белсенділігінің айтарлықтай төмендеуіне немесе жоғалуына әкеледі, бұл бауырда, қан тамырларының қабырғаларында және басқа тіндерде холестерин мен триглицерид эфирлерінің созылмалы түрдегі жиналуына әкеледі. 3,4

Клиникалық зерттеулер5,7

ҚР-да себелипаза альфаны мақұлдау екі клиникалық зерттеулердің деректеріне және ЛҚЛТ бар нәрестелерді, балаларды және ересек пациенттерді қамтитын зерттеудің ашық жалғасына негізделген. LAL-CL03 зерттеуінің нәтижелері емделмеген тарихи когортадағы 21 пациенттің 0 көрсеткішімен салыстырғанда, 12 ай ішінде ЛҚЛТ бар емшек сүтімен ауыратын пациенттерде өмір сүру деңгейі (67% немесе 9-дан 6) айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. Себелипаза альфа терапиясымен емделген нәрестелерде бауырдың жақсаруы, ал оның ішінде АЛТ және АСТ көрсеткіштерінде жағымды нәтижелердің болуы, сондай-ақ емдеудің алғашқы бірнеше аптасында салмақтың жоғарылауы байқалды. LAL-CL02 зерттеуіндегі ЛҚЛТ бар балалар мен ересек пациенттреде себелипаза альфасымен емдеу АЛТ қалыпқа келуіне, плацебомен салыстырғанда бауыр майының және бауырдың зақымдануының басқа маркерлерінің төмендеуіне және ТТЛП және ЖТЛП холестеринімен өлшенген липидтердің жиналуының айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Препаратты қос сипаттағы жабық кезеңде қабылдаған және кейіннен зерттеудің ашық кезеңіне енген пациенттерде АЛТ деңгейінің төмендеуі сақталды және ТТЛП және ЖТЛП-де одан әрі жақсарулар анықталды.

Лизосомалық қышқыл липазаның тапшылығы туралы (ЛҚЛТ)

ЛҚЛТ - жойқын сипаттағы аурулармен және мезгілсіз өліммен байланысты генетикалық, созылмалы және прогрессивті өте сирек кездесетін метаболикалық дерт. ЛҚЛТ бар науқастарда LIPA генінің патогендік нұсқасы ЛҚЛ ферментінің белсенділігінің төмендеуіне әкеледі. Бұл өмірлік маңызды органдарда, қан тамырларында және басқа тіндерде холестерин мен триглицерид эфирлерінің айқын жиналуына әкеледі, бұл прогрессивті және көп мүшелі зақымға жол сілтейді, соның ішінде бауыр циррозы, бауыр жеткіліксіздігі, атеросклероздың жедел дамуы, жүрек-қан тамырлары аурулары және басқа да жойқын салдарлар бар. 3,4

ЛҚЛТ сәби кезінен бастап ересек жасқа дейінгі барлық жастағы науқастарға әсер етеді және кенеттен және күтпеген клиникалық асқынуларға әкелуі мүмкін. Нәрестелерде өсудің айқын тежелуі, бауыр фиброзы және цирроз байқалады, аурудың ерте басталуымен орташа өмір сүру ұзақтығы алты айдан аспайды.6 Бақылау зерттеуінде ЛҚЛТ бар балалар мен ересектердің шамамен 50%-ында 3 жыл ішінде бауыр циррозы дамыды немесе оларға бауыр трансплантациясы қажет болды.6 Барлық жастағы пациенттер арасында аурудың басталуының орташа жасы 5,8 жасты құрайды және оны қарапайым қан анализі арқылы анықтауға болады. 8,9

«АстраЗенека» компаниясы туралы

«АстраЗенека» онкология, кардиология, нефрология және метаболизм, тыныс алу және аутоиммундық, сондай-ақ сирек кездесетін аурулар сияқты терапевтік салаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді зерттеуге, әзірлеуге және нарыққа шығаруға бағыт алған халықаралық инновациялық биофармацевтикалық компания болып табылады. Штаб-пәтері Кембриджде, Ұлыбританияда, орналасқан «АстраЗенека» компаниясы 100-ден астам елде жұмыс істейді және оның инновациялық препараттарын бүкіл әлем бойынша миллиондаған пациенттер пайдаланады. Компания жаңалықтарын astrazeneca.kz сайтынан оқыңыз.

Дереккөздер тізімі:

1. Себелипаза альфа. Государственный реестр лекарственных средств. Доступно по ссылке: http://register.ndda.kz/category/search_prep По состоянию на октябрь 2024 г.

2. REGULATION (EU) No 536/2014 OF THE EUROPEAN PARLIAMENT AND OF THE COUNCIL of 16 April 2014 on clinical trials on medicinal products for human use, and repealing Directive 2001/20/EC. http://eur-lex.europa.eu/legal-content/EN/TXT/PDF/?uri=CELEX:32014R0536&qid=1421232837997&from=EN.

3. Bernstein DL, et al. Chloesteryl ester storage disease: review of the findings in 135 reported patients with an underdiagnosed disease. J Hepatol. 2013;58:1230-43. doi:10.1016/j.jhep.2013.02.014.

4. Reiner Z, et al. Lysosomal acid lipase deficiency - an under-recognized cause of dyslipidemia and liver dysfunction. Atherosclerosis. 2014;235:21-30. doi:10.1016/j.atherosclerosis.2014.04.003.

5. Demaret et al. Sebelipase alfa enzyme replacement therapy in Wolman disease: a nationwide cohort with up to ten years of follow-up. Orphanet J Rare Dis. 2021 Dec 14;16(1):507. doi: 10.1186/s13023-021-02134-3. PMID: 34906190; PMCID: PMC8670257.

6. Jones S et al. Severe and rapid disease course in the natural history of infants with lysosomal acid lipase deficiency. Mol Genet Metab. 2014 Feb;111(2):S57-58.

7. Burton et al. A Phase 3 Trial of Sebelipase Alfa in Lysosomal Acid Lipase Deficiency. N Engl J Med. 2015 Sep 10;373(11):1010-20. doi: 10.1056/NEJMoa1501365. PMID: 26352813.

8. Burton et al. Clinical Features of Lysosomal Acid Lipase Deficiency - a Longitudinal Assessment of 48 Children and Adults. J Pediatr Gastroenterol Nutr. 2015 August 6. doi: 10.1097/MPG.0000000000000935.

9. Hamilton J, et al. A new method for the measurement of lysosomal acid lipase in dried blood spots using the inhibitor Lalistat 2. Clin Chim Acta. 2012;413:1207-10. doi:10.1016/j.cca.2012.03.019.