Назарбаев Университетінің (НУ) президенті Вакар Ахмад пен AstraZeneca-ның Қазақстандағы басшысы Мария Шипулева Астанада өткен KAZAKHSTAN GLOBAL INVESTMENT ROUND TABLE-2024 аясында Меморандумға қол қойды. Меморандум білім беру, ғылыми және инновациялық қызметті дамытуға, сондай-ақ кадрларды даярлау және қайта даярлау деңгейін арттыруға бағытталған.
НУ студенттері AstraZeneca-да тағылымдамадан өтіп, одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие алады. Сондай-ақ тараптар денсаулық сақтау және фармацевтиканың негізгі бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер бойынша ынтымақтастыққа, білім беру іс-шараларын өткізуге және студенттердің ғылыми және кәсіби әлеуетін дамыту үшін басқа да бірлескен бастамаларға келісті. Меморандум 2 жыл ішінде жұмыс істейді.
Қазақстандағы AstraZeneca басшысы Мария Шипулева: «Инновациялық фармацевтиканың дамуы ғылыми-зерттеу қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан біз әлемнің жетекші жоғарғы оқу орындарымен (ЖОО), соның ішінде Кембридж және Оксфорд университеттерімен, сондай-ақ біз жұмыс істейтін елдердегі ең ірі ЖОО-мен ынтымақтастықты дамытудамыз. AstraZeneca мен Назарбаев Университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум дарынды студенттерге кәсіби дағдыларын дамытуға және ғылым мен инновацияға бағдарланған бизнесте тәжірибе жинауға көмектесу үшін бірлескен жоспарларымызды қамтиды. Бұл серіктестік студенттерге өз әлеуетін барынша іске асыруға және өз орнын табуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар жалпы алғанда Қазақстандағы ғылыми-зерттеу қызметінің ұзақ мерзімде одан әрі дамуына ықпал етеді деп сенеміз».
Назарбаев Университетінің президенті Вакар Ахмад: «AstraZeneca компаниясымен меморандумға қол қою – біз үшін Қазақстандағы білім беру және ғылыми ортаны жақсарту бойынша міндетімізді орындаудағы маңызды қадам. Қазіргі таңда Назарбаев Университеті Медицина мектебі, университеттік денсаулық орталықтары және адам биологиясы бойынша әлемдік деңгейдегі зерттеулердің арқасында Орталық Азиядағы денсаулық сақтау саласындағы жетекші оқу және зерттеу университеті болып есептеледі. Биыл Медицина мектебінде алты жылдық бакалавриат ашылып, ғылыми серіктестіктер кеңейтілуде. Біз бұл ынтымақтастық медициналық зерттеулер мен инновациялардың маңызды нәтижелер әрі қоғам үшін пайда әкелетініне сенімдіміз».
Естеріңізге сала кетсек, 1 қарашада Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Қазақстанның ірі инвесторларының, соның ішінде AstraZeneca компаниясының қатысуымен KAZAKHSTAN GLOBAL INVESTMENT ROUND TABLE-2024 өткен болатын. Пленарлық отырыс барысында AstraZeneca «Биофармацевтика» бағытының халықаралық және шекаралық нарықтар бойынша вице-президенті Нитин Капур сөз сөйледі.
AstraZeneca компаниясы туралы
AstraZeneca онкология, кардиология, нефрология және метаболизм, тыныс алу және аутоиммундық, сондай-ақ сирек кездесетін аурулар сияқты терапевтік салаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді зерттеуге, әзірлеуге және нарыққа шығаруға бағыт алған халықаралық инновациялық биофармацевтикалық компания болып табылады. Штаб-пәтері Кембриджде (Ұлыбритания) орналасқан AstraZeneca компаниясы 100-ден астам елде таныстырылған және оның инновациялық препараттарын бүкіл әлем бойынша миллиондаған пациенттер пайдаланады.