Johnson & Johnson пациенттерді қолдау үшін JanssenWithMe сайтын іске қосады

Жаңа ақпараттық ресурс пациенттер мен олардың жақындарына бағытталған және диагноздар, емдеу шаралары мен бағдарлау туралы толық ақпарат береді. 

Johnson & Johnson Қазақстанда ауыр сырқаттарға тап болған қазақстандық пациенттерді, сондай-ақ олардың жақындарын қолдау үшін әзірленген JanssenWithMe жаңа ақпараттық ресурсының іске қосылғанын жариялайды. Сайт науқастар, ауру белгілері, диагностика және емдеу туралы маңызды ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету және әртүрлі диагноздардағы адамдардың өмір салты бойынша ұсыныстар беру үшін жасалған.

«Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС Бас директоры Әділет Назарбаев: «Шынайы ақпаратқа уақытылы қол жеткізу және көмекке қайда жүгіну керектігін нақты түсіну пациенттер мен олардың отбасылары үшін, әсіресе псориаз немесе көп ошақты миелома сияқты күрделі аурулар туралы сөз болғанда маңызды рөл атқарады. JanssenWithMe ақпараттық сайтын іске қосу ауыр сырқаттармен күресіп жүрген адамдарға қажетті ақпараттық қолдау көрсетудің пайдалы қадамы болады деп үміттенеміз. Біз өз принциптеріміздің аясында, денсаулық сақтау саласының сапалы, қол жетімді және жекелендірілген болу үшін күш салуды жалғастырамыз».

Сайтта көп ошақты миелома мен псориазға арналған бөлімдерде Қазақстандағы пациенттерге бағдар беруге арналған жалпы ақпарат ұсынылған. Компания атап өткендей, пациенттердің диагностикадан бастап емдеуге дейінгі негізгі кезеңдерді түсінуі сапалы медициналық көмекті уақытылы алудың маңызды бөлігі болып табылады. Осыған байланысты дұрыс ұйымдастырылған бағдарлау адамдарға денсаулық сақтау жүйесінде жылдам қажетті ақпаратты табуға көмектеседі, керекті мамандар мен медициналық мекемелерді іздеуге кететін уақытты қысқартады, сонымен қатар емдеуді оңтайлы уақытта бастауға мүмкіндік береді.

Платформа қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істеп тұр, бұл халықтың әртүрлі топтары үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сайтта ұсынылған ақпарат үнемі жаңартылып отырады: жақын арада басқа аурулар туралы қосымша бөлімдер іске қосылады, сонымен қатар пациенттің жолын, сарапшылардың ұсыныстарын және терапиядан өткен және оң нәтижелерге қол жеткізе алған пациенттермен сұхбаттарды көрнекі түрде бейнелейтін анимациялық бейнелер ұсынылады.

Johnson & Johnson компаниясы туралы

Johnson & Johnson компаниясында біз денсаулық басты байлық деген ұғымды ұстанамыз. Денсаулық сақтау саласындағы біздің үздік инновацияларымыз күрделі аурулардың алдын алуға және тиімді, аз инвазивті жекелендірілген шешімдер құруға мүмкіндік береді.

Біздің инновациялық медицина (Innovative Medicine) және медициналық технологиялар (MedTech) саласындағы сараптамамыз бізге ертең медицинадағы жетістіктерді қамтамасыз ету және адамзат денсаулығына айтарлықтай әсер ету үшін денсаулық сақтау шешімдерінің кең ауқымына инновацияларды енгізудің бірегей мүмкіндігін береді.

Толығырақ:  https://www.jnj.com/