Қазақстанның фармацевтикалық нарығы таңбалау және бақылау жүйесін енгізуге дайындалуда. Бүгінгі таңда Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператордың ақпараттық жүйелерінде дәрілік заттардың айналымына қатысушыларды тіркеу қарқынды жүргізілуде. Бірыңғай оператор дәрілік заттардың өндірушілер мен импорттаушыларын оқытуда.
Соңғы үш айда Бірыңғай оператор денсаулық сақтау басқармаларымен және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерімен бірлесе отырып, дәрілік заттардың айналымына қатысушылардың барлығына: өндірушілерге, импорттаушыларға, СК “Фармация”, бөлшек сауда өкілдері мен дәріханалар, медициналық ұйымдарға тауарларды таңбалау және қадағалау бойынша оқыту жүргізді.
Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер де дәрілік заттардың қадағалану процестерін енгізуге белсенді түрде дайындалуда. Қазақстан Республикасы халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Светлана Оспанова өз тәжірибесімен бөлісті:
- Қазіргі уақытта халықаралық фармацевтикалық өндірушілер таңбалауды енгізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын айналымға қатысушылар таңбалау жүйесінде жұмыс істеу үшін электрондық цифрлық қолтаңба алып, дәрілік заттарға кодтарды қолдануға және дәрілік заттарды айналымнан шығаруға оқытылады.
Еске салайық, Қазақстанда 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап 90 дәрілік түрге цифрлық таңбалаудың бірінші кезеңі басталған болатын. Өнімнің цифрлық таңбалау жүйесі телефон камерасының көмегімен сканерлеуге және өнімнің түпнұсқалығын тексеруге болатын әрбір дәрінің қаптамасында бірегей сандық деректер матрицалық кодтарын пайдалануды қамтиды.
Қазақстанда дәрілік заттарды цифрлық таңбаланатын тауардың негізгі критерийі болып оның контрафактілік өнім, жалған тауардың үлкен көлемі және дәрілік заттарды елге заңсыз әкелу жолымен келіп, халықтың денсаулығына тікелей қауіп төндіретіні болып табылады. Дүниежүзілік банк экономистерінің пікірінше, фармацевтикалық жүйе де сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа ең осал жүйелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы дәріханаларда дәрілік заттарды заңсыз сатудың 588 фактісі анықталып, заңсыз айналымнан 10 миллионнан астам қаптама тәркіленген. Сондай-ақ, тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу/сақтау тәртібін бұзғаны үшін 26 әкімшілік хаттамалар жасалып, 8,9 млн.теңгеге айыппұл салынды, 2023 жылдың 1-тоқсанында 14 әкімшілік хаттама толтырылып, 1,5 млн. астам теңгеге айыппұлдар салынды. Ал тәуекелге негізделген тәсіл аясында 2023 жылы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін 5 дәрілік зат пен 12 медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдардың партиясы тоқтатылды. Қазақстандағы көлеңкелі фармацевтикалық нарықтың үлесі 10-12 пайызға жетеді, ақшалай есептегенде бұл шамамен 53 миллиард теңгені құрайды. Бұл ақпаратты KHIDI CIS аналитикалық агенттігі келтіріп отыр.
- Қазақстан Республикасындағы дәрі-дәрмек нарығы жеткілікті түрде қорғалған, алайда Ресей Федерациясынан тіркелмеген қаптамада дәрілік заттарды әкелу, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне сатып алынған дәрілік заттарды көрші елдерде сату фактілері бар. Міндетті таңбалауды және қадағалауды енгізу дәрілік заттардың айналымын ашық етеді және сатып алушыға сатып алынатын дәрілердің түпнұсқалығын өз бетінше тексеру мүмкіндігін береді, – дейді Светлана Оспанова, Қазақстан Республикасының халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры.
Бақылау функциясынан басқа, тегін Naqty Onim қолсымшасы арқылы таңбалау жүйесі тұтынушыларға олар сатып алатын дәрі-дәрмектің Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген ең жоғары рұқсат етілген бағаға сәйкес келетінін білуге мүмкіндік береді. Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы жылына екі рет бекітіледі. Егер таңбалау кодын сканерлегеннен кейін сатып алушы дәрінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін анықтаса немесе дәрі-дәрмектің құны ең жоғары бөлшек сауда бағасынан жоғары болса, онда ол шағымды қосымшада қалдыра алады.
- Таңбалау және қадағалау халықаралық фармацевтикалық өндірушілерге өндірушіден, дистрибьюторлардан, дәріханалар мен медициналық ұйымдардан пациентке дейінгі барлық жеткізу тізбегі бойынша дәрілік заттардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде тауар айналымына қатысушылардың дәрілік заттардың қалдықтары туралы өзекті ақпаратқа ие болуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектің қадағалануы арқасында өндіруші дәрі-дәрмектің контрафактілік және контрабандасынан қорғалатын болады, - деп бөлісті Қазақстан Республикасы халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Светлана Оспанова.
Бүгінгі таңда Қазақстанда міндетті цифрлық таңбалау және қадағалау екі өнім тобына қолданылады: 2020 жылдан бастап темекі өнімдері және 2021 жылдың қарашасынан бастап аяқ киім өнімдері.
Анықтама: Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау – дәрілік заттардың айналымын тиімді реттеу және Қазақстан аумағында олардың түсуі мен қозғалысының ашықтығын қамтамасыз ету шараларының бірі. Бұл бүкіл әлемде сауда айналымының ашықтығын қамтамасыз ету үшін қолданылатын Track&Trace жүйелері класының бір бөлігі болып табылатын танылған халықаралық тәжірибе, мұнда әрбір пакеттің жеке есебін жүргізу қажет. Бұл жүйенің арқасында бірде-бір өнім сауда тізбегіне жоқ жерден кіре алмайды.
Дереккөз: markirovka.ismet.kz.