2024 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Т.Б. Дүсенова, ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Әлназарова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Аймағамбетов, денсаулық сақтау басқармаларының, ірі республикалық емханалардың басшылары, салалық ҮЕҰ, медицина қауымы өкілдері қатысты.
Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру бойынша жұмысты бастады, онда препараттардың сапасын бақылау басты басымдыққа айналады, деп хабарлады бүгін кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова.
Ол соңғы жылдары 2 еседен астам өскен АДҚ шығындарының өсуі үлкен алаңдаушылық туғызатынын атап өтті. Бұл ретте 41 нозология бойынша пациенттер тек 50%-ға қамтамасыз етіледі.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемінің жалпы өсуіне қарамастан, өкінішке орай, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін пациенттерді емделуге жатқызу деңгейі төмендемейді.