17 қарашада заманауи Астананың сәулеттік көрікті орындарының бірі — Болашақ энергиясы мұражайының медиа қасбеті шала туылған сәбилер мен олардың ата-аналарын қолдау үшін күлгін түспен жарықтандырылды. Науқан «АстраЗенека», Қазақстан, халықаралық биофармацевтикалық компаниясының қолдауымен Дүниежүзілік шала туылған нәрестелер күнінде өтті. Жыл сайын 17 қарашада дүние жүзі ірі қалаларындағы ғимараттар шала туылудың ауыртпалығы туралы хабардарлықты арттыру мақсатында күлгін реңктермен боялады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша[1] әлемде жыл сайын 15 миллион бала мерзімінен бұрын туылады. 2022 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мерзімінен бұрын туылған немесе дене салмағы төмен жаңа туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі мен сау дамуын жақсарту бойынша жаңа нұсқаулық шығарды. Нұсқаулықта мұндай шала туылған нәрестелердің болашағын жақсарту үшін әрқашан жоғары технологиялық шешімдер қажет емес екендігі, дегенмен отбасылардың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, негізгі медициналық қызметтерге қол жеткізу керек екендігі көрсетілген[2].
Мерзімінен бұрын босануға байланысты асқынулар бес жасқа дейінгі балалардың өлімінің негізгі себебі болып табылады1. Бұл өлімнің төрттен үш бөлігін заманауи, үнемді шаралар арқылы болдырмауға мүмкіндік бар1. Шала туылған нәрестелер жоғары аурушаңдық пен өлім жағдайына бейім[3]. Әр түрлі елдерде шала туылған нәрестелердің үлесі 5%-дан 18%-ға дейінгі аралықта келеді1. Қазақстанда бұл көрсеткіш 5%-ды құрайды, яғни жыл сайын 22 мыңға жуық шала туылған бала өмірге келеді. Статистикалық деректер бойынша, Қазақстанда 1000 жаңа туған нәрестенің жалпы өлім-жітімі 8,5%-ға (2021 ж.) және 7,9%-ға (2022 ж.) тең. Олардың ең көп пайызы— ол шала туылған нәрестелер. [4]
«Астана медицина университеті» КеАҚ неонатология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Күләш Жақсалықова: «Соңғы үш онжылдықта Қазақстан неонаталдық өлім-жітімді бес есеге азайтты. 2008 жылдан бастап Бала құқықтары туралы Конвенциясына сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған нәрестелердің өміршеңдігін бағалаудың жаңа критерийлері енгізілді. Конвенцияда әр баланың өмір сүруге құқығы бар, ал мемлекет оның сау дамуын мүмкіндігінше қамтамасыз етуі керек делінген. Бүгінгі таңда еліміздің барлық дерлік аймақтарында шала туылған нәрестелерді күтуге арналған жабдық бар, ал егер мұндай жабдық болмаса, онда бала жақын жердегі қолайлы мекемеге жеткізіледі. Осылайша, мемлекет әрбір кішкентай азаматтың өмірі үшін күресуді жалғастыруда».
Мария Шипулева, Қазақстандағы «АстраЗенека» өкілдігінің директоры:
«Біз балалар туралы сөз қозғағанда, оларды ең осал пациенттер ретінде қарастырамыз, әсіресе олар мерзімінен бұрын туылған болса. Біздің миссиямыз – шала туылған нәрестелерді сыртқы факторлардан, вирустардан және инфекциялардан қорғау, олармен әлі өз бетінше күресуге қабілетсіз екендігін ескереміз. Мұндай сыртқы қауіптердің қатарына РСВ-инфекциясы жатады. Бұл вирустың ауыр ағымындағы қауіп тобына шала туылған нәрестелер кіреді, бұл жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Осы науқанмен біз елдегі шала туылу мәселесіне назар аудартып, ең кішкентай пациенттерге көмек көрсетудің маңыздылығын еске салғымыз келеді».
«АстраЗенека» компаниясы туралы
«АстраЗенека» онкология, кардиология, нефрология және метаболизм, тыныс алу және аутоиммундық, сондай-ақ сирек кездесетін аурулар сияқты терапевтік салаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді зерттеуге, әзірлеуге және нарыққа шығаруға бағыт алған халықаралық ғылыми негізделген биофармацевтикалық компания болып табылады. Кембриджде (Ұлыбритания) орналасқан «АстраЗенека» компаниясы 100-ден астам елде таныстырылған және оның инновациялық препараттарын бүкіл әлем бойынша миллиондаған пациенттер пайдаланады. Компания жаңалықтарын astrazeneca.com сайтынан оқыңыз.
[1] Преждевременные роды. Сайт Всемирной организации здравоохранения. Электронный ресурс: URL: https://www.who.int/ru/news-room/fact-sheets/detail/preterm-birth Дата доступа: 13.11.2023
[2] https://www.who.int/ru/news/item/15-11-2022-who-advises-immediate-skin-to-skin-care-for-survival-of-small-and-preterm-babies Дата доступа: 13.11.2023
[3] Hamilton BE, Martin JA, Osterman MJ: Births: Provisional Data for 2021. National Center for Health Statistics. National Vital Statistics System, Vital Statistics Rapid Release Program, no 20. Hyattsville, MD. National Center for Health Statistics. 2022.