Компания жайлы.
«БЕРЛИН-ХЕМИ» – бай дәстүрлерге ие халықаралық инновациялық дәрі-дәрмектердің өндірушісі. «БЕРЛИН-ХЕМИ» 100 жылдан астам уақыт бойы инновациялық зерттеулер жүргізіп, жаңа фармацевтикалық өнімдерді де, сонымен қатар тексерілген өнімдерді де өндіреді. Компанияның мақсаты - пациенттерге көмектесу және олардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жаңа дәрілік препараттарды ұсыну.
Әлемге әйгілі, жетекші итальяндық фармацевтикалық «МЕНАРИНИ Групп» компаниясының бір бөлігі ретінде «БЕРЛИН-ХЕМИ» Германияның, Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің фармацевтикалық нарықтарына жауап береді. «МЕНАРИНИ Групп» тобының қолдауымен «БЕРЛИН-ХЕМИ» компаниясының стратегиялық корпоративтік мақсаттары зерттеу, әзірлеу және халықаралықтандыру саласында болып отыр. Бұл екі стратегия бүкіл әлемдегі пациенттердің инновациялық өнімдерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған. «БЕРЛИН-ХЕМИ» пациенттердің де, дәрігерлердің де медициналық талаптарын ескере отырып жасалған өнімдерді шығару барысында өз тұтынушыларына өнімдердің кең ауқымын, оның ішінде кардиология, респираторлық аурулар, диабет, құяң және онкология саласына қажетті өнімдерді ұсына алады.
Динамикалық өсу, инновациялық дәрі-дәрмектер мен бірнеше ұрпақты қамтитын бай тәжірибе – «БЕРЛИН-ХЕМИ» компаниясының айрықша белгілері болып табылады.
«БЕРЛИН-ХЕМИ» компаниясы тұтынушылармен серіктестік қатынаста екендігін мақтан тұтады, өйткені ол дәлелді дәрі-дәрмек саласындағы үздіксіз жетістіктерден хабардар болуға және осы өнімдер көмегімен пациенттердің өмірін айтарлықтай жақсартуға болатын мүмкіндіктерді анықтауға жағдай жасайды.
«БЕРЛИН-ХЕМИ» – дәрілік препараттарды өндірудегі көп жылдық тәжірибенің және уәжі де, біліктілігі де жоғары өндірістік құрамның арқасында заманауи және қауіпсіз, сапасы өте жоғары фармацевтикалық өндіріске кепілдік береді. Барлық препараттар GMP қатаң стандарттарына сәйкес өндіріледі.
Қазақстан Республикасының нарығында компания 1996 жылдан бері жұмыс істеп келеді және Қазақстанда сұранысқа ие дәрілік заттардың жетекші жеткізушілерінің бірі болып табылады. Компания науқастарға көмектесу және олардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін, тиімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ете отырып, денсаулық сақтау мамандары мен пациенттердің қажеттіліктеріне тез жауап береді.