Төраға – Блатов Равиль Мустафаевич (Johnson & Johnson LLC Филиалының коммерциялық операциялар және нарыққа қол жеткізу бойынша менеджері)

Тең Төраға – Тимербулатов Данияр ( «Медак фарма» ЖШС Бас директоры)

Комитеттің мүшелері  - ҚР-дағы АІРМ  мүше-компанияларының бизнесті дамыту және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі барлық менеджерлері.

 

ҚР Халықаралық Фармацевтикалық Өндірушілер Қауымдастығының Мемлекеттік сатып алулар саласындағы өзара іс- қимыл жөніндегі  комитеті туралы ереже

Миссия

АІРМ мүшелерінің мүдделерін қорғау және пациенттердің өмірін жақсарту үшін олардың ұстанымдарына негізделген мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша АІРМ  бірыңғай ұстанымын қалыптастыру. 

Көзқарас

Мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру арқылы тең диалог жүргізу және өзара тиімді шешімдерге қол жеткізу үшін Үкіметтің толыққанды серіктесі болу.

Өзара іс-қимылдың  негізгі қағидаттары

1. Мемлекеттік сатып алулар саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі комитет (бұдан әрі - Комитет) - АІРМ  бөлімшесі болып табылады және өз қызметін Қауымдастықтың Жарғысына, Басқарманың және/немесе мүшелердің жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады.

2. Комитет компания басшылығы, Қауымдастық мүшесі жіберген жұмыс тобының (бұдан әрі – Топ) қатысушыларынан тұрады.

3. Комитеттің шешімдері немесе ұсыныстары Топ мүшелерінің көпшілігінің ортақ пікірі болып табылады.

4. Топ ішінде бірыңғай ұстанымды әзірлеу мүмкін болмаған жағдайда, мәселе Қауымдастықтың жалпы жиналысының талқылауына шығарылуы тиіс.

5. Комитет Қауымдастық мүшелерінің жылдың бірінші жалпы жиналысында жұмыс жоспарын бекітеді.

6. Комитеттің ұсыныстары АІРМ  Президентіне мүдделі немесе тартылған тараптармен әрі қарай талқылау үшін ұсынылады.

АІРМ Жалпы жиналысымен

БЕКІТІЛГЕН

 ________________ 2016 ж.

Комитеттің құрылымы

1. Комитеттің  құрамына кіреді: Төраға, Хатшы, Топ қатысушылары (тұрақты немесе шақырылған, оның ішінде басқа қауымдастықтардан).

2. Төраға міндетті:

  • Топ мүшелерінің көпшілігінің қолдауына ие шешімдерді әзірлеуді қамтамасыз ету;
  • Топтың барлық мүшелеріне өз ұстанымын және өз негіздемесін білдіру үшін тең мүмкіндіктер беру;
  • Қауымдастықтың барлық мүшелерінің мүдделерін қорғау үшін Топтың шешімдері мен ұсынымдарының барынша объективтілігін қамтамасыз ету;

3. Төраға құқылы:

  • Тәртіп пен іскерлік этика нормаларын сақтауды талап ету;
  • Топтың бастамаларын талдау үшін белгіленген мерзімдердің сақталуын талап ету;
  • Жиналыстарға жүйелі түрде қатыспаған кезде Топтың мүшелерін шығару;

4. Хатшы Қауымдастықтың барлық мүшелерін Топтың жиналыстары туралы уақытылы хабардар етуді, жиналысты техникалық жарақтандыруды, хаттаманы шығаруды және таратуды қамтамасыз етеді.

5. Топтың қатысушылары - Қауымдастықтың мүше-компаниясының басшылығымен тағайындалады.

6. Топ Қатысушысы құқылы:

  • Топ қатысушылары/АІРМ мүшелері арасында өз компаниясының позициясын жеткізу бойынша тең мүмкіндіктерге;
  • Топтың басқа Қатысушыларының объективтілігіне күмән білдіруге және айтылған мәселелерді қосымша талқылауды талап етуге

7. Топ Қатысушысы міндетті:

  • Жиналыстарға қатысуға (уақытылы шақыру болған жағдайда)
  • Кездесудің регламенті мен күн тәртібін сақтау
  • Топтың басқа Қатысушыларының құқықтарын сақтауға.

Комитет қызметінің негізгі бағыттары

  • Мемлекеттік сатып алуларды реттейтін заңнама саласындағы бастамалар
  • Мемлекеттік сатып алулар кезінде баға белгілеу саласындағы бастамалар
  • Дәрілік қажеттілікті қалыптастыруға байланысты мәселелер
  • Пациенттердің тіркелімдерін қалыптастыруға байланысты мәселелер

АІРМ Президенті   В. Н.Локшин