Қазақстан Республикасы. Алматы. 24 мамыр 2023 ж. Адам өміріне аса қажетті инновациялық дәрі-дәрмек әзірлеумен айналысатын Takeda Pharmaceutical Company Limited ғаламдық биофармацевтикалық компаниясы Михаил Владимировтың 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап «Такеда Қазақстан» ЖШС-нің бас директоры лауазымына тағайындалғаны туралы хабарлады. Takeda компаниясының қызметі бұрынғысынша Қазақстан нарығын қауіпсіз әрі тиімділігі жоғары дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету арқылы заманауи дәрілік терапиясының қолжетімділігін арттыруға бағытталған.